2023 жылдың 4-6 қазан аралығында Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасы және С.Қондыбай атындағы облыстық мемориалдық музейі лингвист, тарихшы және өлкетанушы Серікбол Қондыбайдың 55 жылдық мерейтойына орай «Музей және мифология: интерпретациялау мәселелері мен зерттеудегі жаңа парадигма» атты музей қызметкерлерінің республикалық симпозиумын өткізді. Аталмыш шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы
Н.Қ. Оташева қатысып, «Мифтер мен аңыздардың музей қызметіндегі қолданысы» тақырыбында баяндама оқыды.
Сондай-ақ Назима Қуанышбайқызы Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен С.Қондыбай мемориалдық музейінде өзара тәжірибе алмасу мақсатында болды.