2023 жылдың 5 қазанында Саумалкөл ауылында (Солтүстік Қазақстан облысы) «Ботай» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мерейтойына орай «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыста Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Эльмира Ергешқызы Алшимова «Тарихи-мәдени мұраларды сақтаудағы өңірлік музейлердің орны» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар конференцияға қатысушылар мен қонақтарға «Ботай» және «Берел» музей-қорықтарының экспозициялық көрмелері бойынша экскурсиялар жүргізілді. Қостанай музейі энеолит дәуірі мен қола ғасырының бірегей артефактілерін көрсетті.