2026 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Большевичка: дәстүр мен жаңашылдық» көрмесінің ашылуы өтті.
Экспозиция Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасының 85 жылдық мерейтойы мен оның бай тарихына арналды. Келушілер кәсіпорынның 1975 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шығарған өнімдерін: мектеп формасы мен балалар киімінен бастап, арнайы нысанды киімдер мен заманауи күнделікті үлгілерге дейін тамашалай алады.