Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Акварель бояуларының сиқыры» - акварель техникасында шеберлік сабағы

29.09.2026
«Акварель бояуларының сиқыры» - акварель техникасында шеберлік сабағы
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Бейсова К.Б. №19 мектептің 6-сынып оқушыларына «Акварель бояуларының сиқыры» атты шығармашылық шеберлік сағатын өткізді. Балалар акварель техникасымен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен танысып, бояуларды араластыру тәсілдерін және кескіндемеде түс пен көңіл күйді жеткізу жолдарын үйренді. Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы күзгі пейзаж болды. Жас суретшілер күзгі табиғаттың әсемдігін жеткізуге тырысып, жылы әрі қанық түстерді пайдаланды. Әрбір қатысушы өз қиялы мен шығармашылық көзқарасын көрсете отырып, ерекше туындысын жасап шықты. Шеберлік сағаты жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұндай шығармашылық сабақтар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған әлемнің сұлулығын сезінуге және өнер туралы жаңа білім алуға мүмкіндік береді.