2026 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Өлке тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында музей оқуларын өткізді.
Шараға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Күзембайұлы, тарих магистрі Г.Б. Тастекова, музей және кітапхана қызметкерлері,
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен С. Мәуленов атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімдері, оқушылары, тарих кафедрасының студенттері қатысты.
Музей оқулары аясында Қостанай облысының 90 жылдық тарихына қатысты өзекті мәселелер, өңірдің қалыптасуы мен даму кезеңдері, тарихи-мәдени мұраның сақталуы мен зерттелуі, сондай-ақ өлкетану музейінің өлке тарихын зерделеу мен насихаттаудағы рөлі талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу болды.