Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған Қостанай суретшілерінің «Дарын мен шеберлік үйлесімі» атты қорытынды көрмесі ашылды. Көрмеге тарихта қалатын 2023 жылдың қорытындысы ретінде бейнелеу өнері авторларының елуден астам жұмыстары қойылған.
Суретшілерді көрменің ашылуымен құттықтаған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Г.Е. Меңдекинова, өз атынан сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б.Атамұратовтың және Қостанай қаласының әкімі М.Қ.Жүндібаевтың алғыс хаттарын табыс етті.