Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Орындықтағы экскурсия» - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған өлкетану сабағы

14.12.2023
«Орындықтағы экскурсия» - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған өлкетану сабағы

Бүгін Қостанай қаласының №19 мектебінің оқушыларына музей қызметкерлері ерекше «Орындыққа экскурсия» өлкетану сабағын өткізді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған өлкетану сабағы аясында балалар Қостанай облысының киелі нысандары бойынша виртуалды тур жасады. Экскурсовод маманы мектеп оқушыларын қасиетті жерлердің тарихымен таныстырып қана қоймай, олар туралы аңыз-әңгімелерді айтып берді. Балалар өз орындарынан тұрмай-ақ, туған өлкенің әр түкпіріне барып, тарихи-мәдени мұра Қазақстан халқының баға жетпес және орны толмас игілігі екенін түсінді.