Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

XVIII ғасырда өмір сүрген Өтей батырдың кескіндемелік портретін қабылдау рәсімі

20.12.2023
XVIII ғасырда өмір сүрген Өтей батырдың кескіндемелік портретін қабылдау рәсімі

2023 жылдың 19 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Арғын руынан шыққан, Орта жүздің батыры Өтей батырдың кескіндемелік портретін тапсыру рәсімі  өтті.

Өтей батыр 1714 жылы Торғайда, Тобыл бойында дүниеге келіп, сол өңірде өмір сүрген. Ол өз өлкесінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның тарихында үлкен рөл атқарған жарқын тұлғалардың бірі. Еділ бойы қалмақтары қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда, Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған.

Өтей батыр  Кіші жүздің Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысып, сол кезде не бары 35 жасында, 1749 жылы қаза тапты.

Рәсімге зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, Өтей батырдың ұрпақтары, БАҚ өкілдері қатысты.