2026 жылғы 9 сәуірде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні аясында ғалым, тарихшы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ғұмыры ғибратты ғалым» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді.
Аталған іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени-білім беру жұмыстары бөлімініңэкскурсия жетекшісі Т.З. Мұханбетқали онлайн қатысып, музей қорындағы Манаш Қабашұлының жиынтықтарынан тұратын жәдігерлер бойынша «Өшпес із қалдырған ғұмыр» тақырыбында баяндама оқыды.
2026 жылдың 18 қарашасында тарих ғылымында өшпес із қалдырған Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толады. Оның еңбектері ел тарихын жаңаша пайымдауға жол ашып, ұлттық сананың қалыптасуына зор үлес қосты.