2026 жылдың 08 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанда көп дауысты хор музыкасын қалыптастырған, күй және халық әндерін алғашқы көркемдеуші Бақытжан Байқадамовтың өмір жолы жайлы әңгімеледі. Музей қорындағы композитордың фото-құжаттары телеарна көрермендеріне көрсетілді.