Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Киелі орындарға мониторинг жүргізу

18.06.2020
Киелі орындарға мониторинг жүргізу

Қостанай облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері ақын, философ Нұржан Наушабаевтың (1858-1919) жерленген орнының аумағындағы инфрақұрылым жағдайына мониторинг жүргізді.

Нысан Қостанай облысының жергілікті маңызы бар ескерткіштерінің тізіміне кірген. Н.Наушабаев зираты Қостанай ауданының Владимиров селосынан 12 шақырым жердегі мұсылмандардың ескі қорымында. Киелі орынның орналасқан жерінің координаттары анықталып, фотосуретке түсірілді.

«Қостанай облысының киелі орындары» ақпараттық марафоны шеңберінде Владимиров селолық кітапханасына «Қостанай облысының киелі орындарына» кірген нысандар бойынша әдістемелік материалдар берілді.

Галерея изображений