2020 жылдың 17 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қоғам қайраткері, қазақтың алғашқы кәсіби дәрігерлерінің бірі Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров туралы музей қорындағы құжаттар және фотоматериалдармен таныстырды. Әбубәкір Алдияров 1879 ж. (кейбір деректерде 1881 ж.) Торғай облысы Николаев уезінің Сарыой болысында, қазіргі Қостанай облысының Қарабалық ауданында дүниеге келген. Әбубәкір бала жасында ауыл молдасынан сауат ашады. 1891 жылы Ы.Алтынсарин ұйымдастырған қолөнер мектебін аяқтаған. 1891-1899 ж. Орынбордағы ер балалар гимназиясында оқиды. 1899 ж. Қазан императорлық университетінің медицина факультетіне түсіп, генерал-адьютант Н.А.Крыжановский атындағы стипендиямен оқыған. 1904 ж. Қазан университетінің медицина факультетін бітірген.
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы медицинаның қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосқан Әбубәкір Алдияровтың өмірі мен дәрігерлік қызметіне байланысты мол мағлұматтар берілді.
Толық танысу үшін төмендегі сілтемеге кіріңіз:
https://vk.com/id397862586?w=wall397862586_920
https://www.instagram.com/p/CBiC794F1QD/
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/834899293667621/