Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қостанай облысының киелі жерлері» ақпараттық туры

17.06.2020
«Қостанай облысының киелі жерлері» ақпараттық туры

2020 жылдың 16 маусымында Қостанай облысында «Қостанай облысының киелі жерлері» атты ақпараттық тур басталды. Жобаны Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі аймақтың киелі жерлерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

Тобыл қаласының «Золотой колос» мәдениет үйінде жылжымалы модульдік көрменің тұсаукесері өтті, онда Қостанай облысының 38 қасиетті нысаны, оның ішінде 10 республикалық, 28 аймақтық маңызы бар объектілер көрсетілді. Шараға Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның оқушылары және аудандық мәдени мекемелердің қызметкерлері қатысты. Жоба барысында музей қызметкерлері Қостанай облысының ОКЖ кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсетті, ақпараттық бүктемдер, нұсқаулықтар, киелі жерлер бойынша карталар, сондай-ақ одан әрі жұмыс жасау үшін электронды презентациялар мен бейне материалдар таратылды.