Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы мамырдың 27-сінен 30-на дейін онлайн фотомарафон өткізді. Іс-шараға Қостанай облысынан және Алматы қаласынан 19 фотограф қатысып, өз туындыларын ұсынды. Түсірілім тақырыбы бойынша Қостанай облысының кез келген нүктесіндегі күнделікті тіршілікті бейнелеуі тиіс болатын. Бұл фотосуретпен айналысатын адамдарға өз мүмкіндіктерін байқап, жазғы фотосессия алдында ерекше әсерден шабыт алуға берілген мүмкіндік еді.
Тартымды тапсырма бұрын күнделікті, қарапайым болып көрінген әсемдікті көруге, шығармашылық қабілеттерін ұштауға көмектесті.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/831428084014742/