2023 жылдың 27 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты этнографиялық жоба өткізді.
Шараға Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Этнографиялық жобаға қатысушылар Қазақстан жерінде тұрып жатқан өз халқының тарихымен таныстырып, әдет-ғұрыптар көрсетіп, өз елдерінің музыкалық аспаптарында ойнап, ұлттық билері мен әндерін ұсынды.