Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші - мүсінші Муза мен Леонид Белоусовтарды еске алуға арналған «Шығармашылық шуағы» көрмесі

03.05.2023
Суретші - мүсінші Муза мен Леонид Белоусовтарды еске алуға арналған «Шығармашылық шуағы» көрмесі

2023 жылғы 3 мамырда сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде суретші - мүсінші Муза мен Леонид Белоусовтарды еске алуға арналған «Шығармашылық шуағы» көрмесі ашылды.

Көрмеде кәсіби қызметі мен бүкіл ғұмыры Қостанай қаласында өткен атақты мүсіншілердің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын фотоқұжаттық материал ұсынылды.

Ерлі-зайыпты Белоусовтар Қостанай облысының кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасуының бастауында тұрды. Олардың Қостанай жеріндегі шығармашылық жолы 1958 жылдан басталды. В.И.Мухина атындағы Ленинград жоғары көркемсурет училищесін бітіргеннен кейін олар Қостанайға келіп, осында тұрақтап қалды.

«Шығармашылық шуағы» көрмесі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде бір ай бойы жұмыс істейтін болады.