Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі қорынан «Бурабай аңыздары» көрмесі

04.05.2023
Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейі қорынан «Бурабай аңыздары»  көрмесі

2023 жылғы 4 мамырда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола облысының әдебиет және өнер мұражайы қорынан «Бурабай аңыздары» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге 2019 жылы Ақмола облысы әкімінің қолдауымен өткен халықаралық форум суретшілерінің қырыққа жуық жұмыстары қойылды.

«Бурабай аңыздары»  халықаралық суретшілер форумы «Qazaqstan. A la prima», «Qazaqstan. A la prima», өнертанушы Динара Нөгер Қазақ КСР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрмеге Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО ұстаздары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

«Бурабай аңыздары» көрмесі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде бір ай бойы жұмыс істейтін болады.