Бүгінгі таңда жеңсіз жейделерді өз қалауынша безендіру өте танымал, оған әр түрлі жазулар мен суреттерді, жылтырақтарды қолдануға болады. Жеңсіз жейделерді безендіру арнайы матаға акрил бояумен, түрлі-түсті қаламдармен және жылтырақтармен өрнек салу арқылы жүзеге асырылады. 2023 жылдың 24 сәуірінде музей қызметкерлері № 3 гимназия мектебінің оқушылары үшін шеберлік сабақ өткізді. Біздің көз алдымызда қарапайым жеңсіз жейде дизайнерлік киімге айналды. Шеберлік сабағын жүргізуші дизайнерлік істің қыр-сырларымен бөлісіп, оқушыларға трафареттерді, сызбаларды немесе тек өздерінің қиял-ғажайып ойларын қолдана отырып, матаға арнайы бояулармен және жеңсіз жейдені маркерлермен қалай жақсы бояуға болатынын айтты. Іс-шараның барлық қатысушылары жаңа білім, әсерлер, қызықты тәжірибе және өздері бояған сәнді жеңсіз жейделерді алды.