2023 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың 73 жасқа толуына орай шығармашылық кездесу өтті.
Айтыс өнерінде айшықты із қалдырған Әсия Беркенова көптеген республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы, ол 1950 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келген. Әсия Беркенова - Қазақстанның халық ақыны, Халық ағатру ісінің үздігі, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі, Қостанай облысының құрметті азаматы. 1980 жылдардан бастап айтысқа қатысып, 40 жылдан астам уақыт бойы туған өлкенің намысын қорғап, айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосты. Монғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындарының арасында өткен халықаралық айтыстардың жүлдегері.
Кеш барысында Әсия Беркенова өмірі мен шығармашылық жолы, айтыс өнері туралы айтып берді.
Сондай-ақ ақын көптеген айтыстарға бірге қатысып, айтыстың қос ақ берені атанған, бір жылы, бір күнде дүние есігін ашқан құрбысы, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың есімі айшықталған домбыраны Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартты.