2022 жылдың 3 қарашасында Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Балалар жылы мен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілген бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас толқын - 2022» IV республикалық байқауының қорытындысы бойынша көрме ашылды және марапаттау рәсімі болды.
"Жас толқын - 2022" байқауы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі базасында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының және ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымының бастамасымен өткізілді.
Аталған тақырыптар аясында көптеген қатысушылар қазылар алқасына балаларға, балалық шаққа, сондай-ақ көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған жұмыстарды ұсынды.
Биыл "Жас толқын-2022" байқауына қатысу үшін 83 өтінім қабылданды. Өтінімдер 16 жастан 35 жасқа дейінгі жобаға қатысушылардан келіп түсті. Байқауға өтінімдер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 25 қазанға дейін қабылданды. Байқауда Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ Астана, Қарағанды қалаларынан жас авторлар туындыларын ұсынды. Байқау жұмыстары төрт номинация бойынша бағаланды: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер. Әр номинация бойынша жүлделі орындар мен ақшалай сертификаттар берілді. Қазылар алқасы Бас жүлде иесін анықтады. Жұмыстарды бағалау және байқаудың қорытындысын шығару үшін құрамында кәсіби суретшілер мен бейнелеу өнерінің сарапшысы бар тәуелсіз қазылар алқасы жұмыс істеді.
Қорытынды бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен орындар келесі тәртіппен бөлінді:
Бас жүлде - Айдана Минайдарова, Астана қ.
"Кескіндеме" номинациясы бойынша
1 орын - Айтуарова Людмила, Астана қ.
2 орын – Гук Надежда, Костанай қ.
"Графика" номинациясы бойынша
1 орын-Кропотова Ирина, Лисаков қ.
2 орын-Алмакаева Валентина, Қостанай қ.
3 орын-Батурин Даниил, Лисаков қ.
"Сәндік-қолданбалы өнер" номинациясы бойынша
1 орын-Бородкина Виктория, Қостанай қ.
2 орын-Лукашонок Ольга, Қостанай қ.
3 орын-Есеналина Айнұр, Қостанай қ.
3 орын - Мұратов Бекзат, Қостанай қ.
3 орын - Диханбаев Айдын, Қостанай облысы, Федоровка кенті
"Мүсін" номинациясы бойынша
1 орын-Маховский Алексей, Қостанай облысы, Сарыкөл кенті
2 орын-Мурашбеков Абылай, Астана қ.