Ғылыми-зерттеу жұмыстары

01.11.2022
Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2022 жылдың 17-27 қазан аралығында облыстық музейдің жұмыс жоспары бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде, ҚР Орталық мемлекеттік архивінде, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында Қостанай қаласының негізі қалануының тарихына қатысты, Торғай облысының халық училищелері, Торғай облысы Торғай, Қостанай уездік басқармаларының лауазымды тұлғалары С.Бабин, Х.Қаржасов, Х.Саркиннің қызмет тізімі, Қазақ КСР ОАК жанындағы байлардың мүліктерін тәркілеу және байларды көшіру жөніндегі Орталық комиссияның қызметіне қатысты және т.б. құжаттар анықталды. М.Сералин, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Б.Байқадамов, Ж.Демеев, К.Дөненбаева туралы фотоқұжаттар іріктеліп алынды. Қостанай облысының тарихына қатысты және композитор Б.Байқадамов, ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ғ.Қайырбеков, механизатор, Социалистік Еңбек Ері Ж.Демеев туралы киноқұжаттардан үзінді алынды.

 

Суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, жерлесіміз Ғалым Оспанов музейге өзінің 3 натюрморт-картиналарын сыйға тартты.     

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше352   Бір аптаның ішінде888   Айында8   Барлығы309166  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі