Қостанай облысы ауыл шаруашылық өндірісін дамытудағы жетістіктері үшін Кеңес Одағының жоғары марапаты – Ленин орденімен екі рет марапатталды.
Облыс бірінші Ленин орденімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «өндірісті ұлғайту және астық, ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы жетістігі үшін» 1966 жылы 28 қазанда марапатталды. Екінші Ленин орденімен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Облыс еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығын дамытудағы зор жетістіктері, бекітілген жоспарды артығымен орындап, мемлекетке ағымдағы бесжылдықта бір миллиард пұт астық сатқаны үшін» 1970 жылы 5 қарашада марапатталды. Ордендер Қостанай облысының туына бекітілді, қазіргі уақытта тулар музей экспозициясына қойылған.