Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі бірегей ескерткіш құжат – кеңестік әскери тұтқын Сергей Воропаевтың лагерьде жазған күнделігі сақталған.
Воропаев Сергей Николаевич 1921 жылы 20 қыркүйекте Қостанай облысы Пресногорьков ауданының Преснередуть ауылында дүниеге келген. Пресногорьков орта мектебін бітірген. 1938 жылдан Пресногорьков аудандық комсомол комитетінде ұйымдастыру-нұсқаушы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Оны 1940 жылы аудандық комитеттен Кеңес Армиясы қатарына міндетті қызметке шақырады. Минскіде қызмет етеді. Соңғы хатты туғандары 1941 жылы маусымда алған.
Сергей Воропаевтың нақты қай күні тұтқынға түскені белгісіз. Бірақ өзінің күнделігіне1944 жылы 20 сәуірде «Бүгін Германиядағы әскери тұтқындар лагеріне түскеніме 2 жыл боды» деп жазған. Мүмкін 1941 жылдың маусымынан бастап осы уақытқа дейін Кеңес Одағы аумағындағы айдауға жөнелтетін лагерьлерде болған шығар.
Күнделік 11,0-17,0 см көлеміндегі жол дәптер (79 бет), жазулар жай және химиялық қарындаштармен жазылған. Қағазы сарғайған, парақтарының шеттері көнерген. Қалған парақтар металл қыстырғыштармен бекітілген және мұқабаға баумен және ақ жіппен тігілген. Гранитоль мұқаба, түбінен қатты мақта мата кездемемен бекітілген.
Өзін лагерьде не күтіп тұрғанын түсінген Сергей бірінші бетке Қостанай облысындағы ата-анасының және Сталинград облысындағы досының мекенжайларын жазған.
Сергей Воропаев 1945 жылы 23 наурызда Ламсдорфтағы №5481 госпитальде қайтыс болды және сол жерге жерленді.
Күнделік 1946 жылы табылды, оны соңғы қағаздағы? «Кеңестік әскери тұтқын Сергей Воропаевтың күнделігі орыс әскери тұтқындарының Ламсдорф лагерінің «А» жұқпалы аурулар блогының барагын тексеру барысында табылды (1946 жылғы 9 қаңтардағы тексеру хаттамасын қара) Солтүстік әскер тобы әскери прокуратурасының әскери тергеушісі, әділет капитаны Голубев» деген жазу айғақтайды.
Күнделікті музейге С.Воропаевтың анасы Қазақстанның ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің хатшысы В.Г.Малехонький арқылы 1960 жылы тапсырды.