Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Миномет

07.04.2021

Миномет артиллериялық тегіс оқпанды қару, калибрі 90 мм., 1950-ші жылдар. Дөңгелек тірек тұғырға және екі аяқты – лафетке орнатылған цилиндр оқпаннан тұрады. Барлық бөліктері темірден жасалған, жасыл қорғаныш бояуымен боялған. Оқпанның шеті құрыштан жасалған,   оған сыртқы жағынан нысаналық және көтергіш механизм (негізгі бөліктері жоқ) бекітіледі: айналдырып тұратын біліктің корпусы тұтқасыз, нысана ойығы бар. Бұл қару қорғалған жұмыс күшіне және нығайтылған далалық коммуникацияларды жою м ақсатында жоғары биіктіктен атуға арналған.  Минометтен ату сағағына лақтыру заряды бекітілген қауырсындалған оқ-дәрімен жүргізіледі. Минометтің соққы механизмінің оқпанның төменгі бөлігіне монтаждалған шаппасы болуы тиіс. Қару заряды – мина – оқпан бөлігінен беріледі. Ату жарақтары тегіс бетімен сырғып, оның артқы бөлігінде орналасқан капсюль соққыштан қызады да атады.  Мұндай соққы түрі қатты соққы деп аталады, ол құрылымы жағынан қарапайым болса да жоғары тез атуды қамтамасыз етеді.  Қару жарағы – мина – корпусы тамшы тәрізді және қауырсындалған артқы бөлігін реттейтін жарылғыш заттармен зарядталады.  Оған жарғыш, сонымен бірге негізгі (лақтыратын) және қосымша зарядтар орналастырылады, олар арқылы зарядтың бастапқы ұшу жылдамдығы мен ұшу қашықтығын реттейді. Атуды жүзеге асыру үшін минаны тұрақтандырғыш арқылы құбырға енгізеді және босатып жібереді. Құбырға түскеннен кейін мина капсюльмен соққышқа ұрылады, капсюль тұтанады,  негізгі, содан кейін қосымша зарядтар тұтанады. Оқ-дәрінің тұтануынан пайда газдар минаны құбыр арнасынан шығарады.