Қарабалық ауданында орналасқан № 222 зауытта шығарылған танк отшашарының соғысқа дейінгі нұсқа үлгісіү
Мәскеу маңында Егорьевск қалашығы орналасқан. 1941 жылы күзде осы қаладан код нөмірі 222 «Комсомолец» зауыты көшірілді. Оны Қазақ КСР, Қостанай облысы, Қостанай астық кеңшарына орналастырды (қазіргі Қарабалық кенті).
1942 жылы №222 қорғаныс зауыты өзінің алғашқы өнімін шығарды. Бұл - миналар және басқа ату жарақтары еді. Ең бастысы, бұл жерде – 41-ші және 42-ші үлгідегі автоматты танк оқшашарлары жүйесі шығарыла бастады.
АТО орнатылған танктер Жеңіске жетудегі жалпы істе жақсы қызмет етті. АТО – автоматты танк оқшашарының жетілдірілген үлгісі дүние жүзінде еш жерде шығарылған жоқ. Негізінен бұл жарақ танктің негізгі немесе қосымша жабдығы ретінде КВ-8 және Т-34 танкілерінің мұнарасына орналастырылды. Бұл отшашар жолдағының бәрін 130 метр қашықтыққа дейін жандырып жібереді. Отты қоспа қатты қысыммен атылады. Ату диаметр шамамен 10-15 сантиметрді құрайды. Ату минутына 18 рет ату жылдамдығымен жүргізіледі.