Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Баспа машинкасы «Империал» (Imperial).

07.04.2021

Ағылшынның «Imperial Typewriter Co Ltd.» фирмасы 1915 жылы Лечестерде шығарған. Машинканың жартылай дөңгелек және үш регистрде орналасқан үш қатар клавиші бар. Баспа жүйесі  – ауыспалы, басқа әріптерге немесе басқа тілге ауыстыру жеңіл. Баспа жүйесін ешқандай аспаптың көмегінсіз бір минутта ауыстыруға болады. Қаріптері - орысша. Тұғырға жаңа әліпби немесе әріптермен механизм орнату оңай.

Машинка Қостанай облысы Жітіқара ауданының Львовка ауылындағы партизандар штабында болған.

1917 жылы тарихи жағдай барысын өзгерткен Қазан революциясы болды. 1918 жылы біздің облысты адмирал Колчактың  әскерлері басып алды, олар көп ұзамай Ақ армияға жұмылдыру туралы жариялады. Жұмылдыруға қарсы Львов көтерілісі басталды.

1919 жылы наурызда Львовқа көтерілісшілерді басу үшін 300 қылышты жазалау отряды жіберілді.