Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Төрт шамды батареялық радиоқабылдағыш «БЧ-З».

07.04.2021

1931 жылы шығарылған «БЧ-З» радиоқабылдағышы құрылымдық жағынан көлбеу панелі және ашылатын үстіңгі қақпағы бар қорап түрінде жасалған. Көлбеу панельде басқару тетігі орналасқан. Шамдар қораптың ішіне орналастырылған.

«БЧ-З» радиоқабылдағышы Мәскеу қаласындағы әлсіз тоқ зауытының біріктірілген тресінен 1927 жылы шығарылған, бұл болашақтағы №1 Мәскеу электрмеханикалық зауыты еді. Радиоқабылдағышты Ленинградтағы жолдас Казицкий атындағы зауытта да шығара бастады. Қабылдағыш 4 шамнан құралды және параметрі бойынша «БЧ-З» қабылдағышына ұқсас, тек жабық қорабымен және құрама өзгерістерімен айрықшаланады. «БЧ-З» аббревиатурасы: Борусевич (жасаушы инженердің фамилиясының бірінші әрпі бойынша), төрт шамды, жабық үлгідегі дегенді білдіреді.  Мұндай қабылдағыш хабар тарату станцияларын дауыс зорайтқышта қабылдауға арналған. 

Ең қарт инженер-радиошы Эдмунд Янович Борусевичтің есімі заң бойынша радиотехника тарихына енді. КСРО-ның ХКК «Жеке меншік қабылдау радиостанциялары туралы» (28 шілде 1924 жыл) қаулысынан кейін  көп кешікпей радиоәуесқойлыққа кең жол ашылды, сол жылдары Ленинградта Орталық радиозертханада жұмыс істеген Э.Я.Борусевич жалпы пайдалану және халыққа сату үшін алғашқы радиоқабылдағышты жасады. Бұл «БВ» (Борусевич, вариометрмен) деп аталатын детекторлы-шамды кері байланысы бар қабылдағыш еді. Қабылдағыш құрғақ батареямен (немесе аккумулятормен)  жұмыс істейді.  Бұдан кейін Эдмунд  Янович үлгіні жақсартты. «БТ» (үш шамды) және «БЧ» (төрт шамды) қабылдағыштар пайда болды. Олардың жаппай өндірісі 1925 жылдан басталды. 50-ден 2000 метрге дейінгі ауқымдағы барлық радиостанцияларды қабылдады, жұмысшылар клубтарын,  оқу залдарын, қалалық және ауылдық радиохабар тарату орталықтарын жабдықтау үлкен рөл атқарды.  1928-1931 жылдары «Б» үлгісіндегі қабылдағыштар топтамасы жетілдірілген (БЧН» (жаңа), «БЧЗ» (жабық), «БШ» (алты шамды) үлгілермен толықты. Осы уақытқа дейін электрлік жарықтандырғыш желісінен осы қабылдағыштардың жұмысын қамтамасыз ететін түзеткіштер пайда болды.