Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Кісен

07.04.2021

Х ғасырдың ортасы. Ахмет Байтұрсынов руының жәдігері.

1880 жылы Торғай уезі Тосын болысының №1 ауылының көшпенді қазақтары Ақтас пен Байтұрсын Шошақовтар әділетсіз шешілген жер дауына байланысты уез бастығы Яковлевті ұрғаны үшін сот үкімі шығарылып, Сібірге каторгалық жұмысқа 18 жылға айдалды. Сібірде азапты бірнеше жылдарды өткізгеннен кейін Ақтас пен Байтұрсын туған ауылдарына қашып келді және Ақтасқа салынған кісенді өздерімен ала келді. Кейін кісеннен аттың тұсауын жасаған, кісен ұрпақтарында сақталған. 1932 жылы олардың ұрпақтарының бірі кісенді А.Спановқа тапсырған. А.Спанов 1957 жылы облыстық музейге тапсырды.