Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Үлкен мүйізді бұғы - Мегацерос.

07.04.2021

Үлкен мүйізді бұғы - Мегацерос. Бұл жер бетінде өмір сүрген, сөзсіз ең сұлу бұғы. Оның басында керемет тәж тәрізді мүйіздері бар, олардың ұштарының арақашықтығы үш метрге дейін жетті. Салмақтары отыз жеті келіге дейін жетті. Оның шоқтығының биіктігі екі метрге жуық болды және шамамен қазіргі заманғы бұланға ұқсас. Ол кең ашық кеңістіктерді, қалың шөптер мен бұталар өскен жазықтарды мекендеді, үлкен мүйіздерінен болар орманды жерлерден бойын алыс ұстады. Алып мүйіздері жыл сайын түсіп, қайта өсті. Алғашқы қауым аңшылары бұл аңға сирек аңшылық құрды.  Тас дәуіріндегі ежелгі адамдардың қоныстарынан алып бұғының сүйек қалдықтары табылған. Megaloceros giganteus сол кезеңдегі адамдардың үңгірлері мен жартастағы суреттерінде бейнеленгендіктен, зерттеушілер алғашқы қауым адамдарының аң аулауында оның маңызы зор болған деген болжамдар айтады. Асыл жануардың еті тамақ үшін пайдаланылған, терісінен киім тігіп, мүйізінен қару дайындаған. Алып бұғының мүйізі құнды материал болып табылады, өйткені ол өте берік, ылғалға, ыстық-суыққа төзімді, сондықтан құрал ұзақ уақыт қолданыста бола алады. Бұғылар тұқымдасының бұл түрі шамамен сегіз мың жыл бұрын жойылып кеткен.