Ұзын мүйізді бизон, жабайы өгіз сияқты жойылған, шөпқоректі жануар, далалы шөпті жазықты мекендеген. Бұл жануарлардың бас сүйегі үлкен, екі жаққа және жоғары қарай таралып өскен мүйізі болған. Төрттік кезеңнің ортасында бизондардың максималды биіктігі мен салмағы 2,5 тоннаға дейін жетті. Олардың мүйіздерінің құлашы шамамен 2 метрге дейін жететін. Бұндай аңды ешбір жыртқыш жалғыз ала алмады. Олар үлкен табындармен Британ аралдарынан бастап, Камчаткаға дейін, Қытайдан Таймырға дейінгі жерлерде тіршілік етті. Алғашқы тайпалар бұл аңдарға белсенді аңшылық құрып, етін тамаққа пайдаланды, оны ежелгі адамдардың тұрақтарынан табылған жануарлардың қалдықтарынан, тау үңіргірлеріндегі суреттерден көре аламыз. Біздің облыс аумағында бизондардың 2 түрі - орман және аса ірі - дала бизондары мекендеген.