Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Айна

07.04.2021

Дөңгелек құйма айна Қостанай ауданындағы Надеждинка 3 ортағасырлық жерлеуден табылған. Дөңгелектің диаметрі 88 миллиметр. Айнаның сыртқы жағында жиегін бойлаған ернеуі бар, одан 7 миллиметр қашықтықта «баспалдақ» түріндегі жалғағышты біріктірген кішкентай білікше бар. Айнаның ортасы дөңгелек пішінде сызылған, оның айналасына иілген екі балық бейнеленген. Барлық беті стильденген өсімдік өрнегімен безендірілген. Айнаның беткі және сыртқы жақтарында мата іздері қалған. Айна мата қаптамада болуы әбден  мүмкін.

Мұндай үлгідегі айналар бізге Ежелгі Қытайдан келді. Ең ежелгісі Шығыс Хань дәуіріне (25 – 220 жылдар) жатады.

Хань айнасы құрамында мол қалайы (22 пайызға дейін) бар қоладан құйылған, бұйым күмістей жалтырайтын болған. Құймаға арналған қалыпты саз балшықтан жасаған. Саз қалыптар сынғыш болғандықтан бізге өте сирек жетеді, бірақ олардың тастан жасалған түрлері сақталған. Сыртқы жағындағы күрделі ою ағаш дайындамадан ойылып, саз балшықтың бетіне басылған. Құйғаннан кейін заттың шағылысатын беті сынаппен айнадай жылтыратылып өңделген Хань дәуірінің қытай айналарының танымалдығы  соншалықты жоғары болды, еліктеп істеушілер көп болды. Ресейдің Оңтүстігіндегі аумаққа қытай айналарының көшірмелерін көшпенді-сарматтар әкелді, сөйтіп іргелес аумақтарда, соның ішінде Шығыс Еуропада таралып, бұл бұйым сәнге айналды. Айна тұрмыста ғана емес, жерлеу салтында да маңызды рөл атқарды. Бұл атрибутты  жылтыратылған жағының жарқылы марқұмның өлгендер патшалығына апаратын жолын жарықтандырып, зұлым рухтарды қуып шығуы үшін туыстарының қабіріне салатын болған.