Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Атақты тас мүсін 1

07.04.2021

1976 жылы Қостанай қаласының маңынан, Тобыл өзенінің оң жағасынан табылған. Мүсіннің табылған жерін зерттеген археологтар бұл жерде ежелгі құрбандық шалатын орын болған деген қорытындыға келді.

Табылған мүсін Азияның орманды-даласының антропоморфты (адамды бейнелейтін) мүсін тобына жатады, біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы, ІІ мыңжылдықтың бас кезі деп мерзімделеді. Мүсін сұрғылт-қоңыр әркелкі түйіршікті құмтастан пикеттеу техникасымен жылтыратып жасалған.

Мүсін отырған ер адамды бейнелейді, алға қарай ұмсынған басын қысқа шомбал мойынға қондырылған. Жүзін жоғары көтеріп, аспанға көз тіккен. Жалпақ мұрын, ауыр мықты иек, еріндерін мықтап жымқырған, төменгі жағы буылтық түйіндерден өте шомбал болып көрінеді. Мүсіннің бет-әлпетінде көз шарасы ерекше болып табылады. Олар беттің жарты бөлігін алып жатыр, екі дөңгелек ойығының шеттері шығыңқы. Көз ойығының қисаюынан күндізгі жарықта көздері жартылай жабық тұрғандай көрінеді. Көзқарас әсері түскен көлеңкеден құралады. Жарықтың өзгеруінен көзқарас бағыты да өзгеріп тұрады. Барлық сыртқы көріністерде үйлесімділік сақталмаған. Бірақ барлық асимметрия өте нәзік теңдестірілген: мысалы, басы бір жағына сәл қисайған, ал беті екінші жағына сәл бұрылған. Ауытқулар көзге оғаш көрінбейді, тек бейнені табиғи қылып көрсетеді, біріне бірі жалғасқан ойықтар мен шығыңқы бөліктер оның ішкі қозғалысымен толығады.

Тастың құрылымы ерекше рөл атқарады. Жылтыр кварцитті қоса алғанда, әркелкі таужыныстар түйіршіктері өңдеу кезінде біркелкі емес, күңгірт жылтыр бетті қалыптастырады, бұл фигураның жасырын қозғалысының елесін одан әрі күшейтеді.