1986 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне отырған адамды бейнелейтін екінші тас мүсін келіп түсті. Мүсін «Қызыл партизан» кеңшарының жерінен, яғни бірінші мүсін «Тобыл ойшылы» табылған жердің маңынан табылды. Мүсін ақшыл сары түсті ірі түйіршікті құмтастан пикеттеу, қашау және тегістеу техникасымен жасалған. Мүсіннің биіктігі 19 сантиметр, мерзімделуі – энеолит. «Тобыл ойшылы» мүсінінен айырмашылығы, бұл мүсінге үлгіге салушылық пен жалпылаудың жоғары дәрежесі тән. Беті сызылмаған, жағы жайлап кеуденің жоғары жағына ұласады, тек иегі ғана алға шығып тұр. Аузы алдыңғы жағдайдағыдай шығыңқы бедер емес, ойылған сызықпен көрсетілген. Денсінің алдыңғы бөлігі өңделмеген және ешқандай ойығы жоқ. Дөңгеленген арқасы ептеп өңделген. Қолдары мен аяқтары бедерленіп берілген. Мүсін орнықты, бірақ тік осьтен сәл ауытқыған. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы, ІІ мыңжылдықтың бас кезі деп мерзімделеді.