Коньки – адамзаттың ежелгі өнертабыстарының бірі. Ағаштан ойып немесе жануарлардың сүйегінен қырлап жасайды және бәтіңкеге бекітіледі, коньки мұз айдынының бетімен жылдам қозғалуға мүмкіндік береді.
Алғашқы конькилер көбінесе жылқы сүйектерінен жасалды, бірақ қолжетімділігіне қарай басқа сүйектер де қолданылды. Сүйектердің ұштарына тесіктер жасалған, оларға бекіткіш қызметін атқарған былғары белдіктер тағылған. Ертеде адамдар мұндай конькилерді қатып қалған өзендер мен көлдердің мұздарында сырғанау үшін қолданған. Алғашқы конькилер шын мәнінде шаңғылардың түпүлгісі болды, олардың өткір қырлары болмады. Сырғанау үшін таяқтың көмегімен итеру керек болды, себебі сүйек конькилерді болат конькилер сияқты қайрау мүмкін емес еді, өткір қыры болмағандықтан онымен сырғанай да алмайтын. Сүйек конькилер ежелгі Новгород, Ежелгі Русь және Ежелгі Ладогадағы қазбалардан табылды. Бұл славяндардың тез жүретін «сүйектерді» қолданғанын білдіреді, бірақ Сібір тұрғындары морждардың азу тістерін аяқтарына байлап қолданса, ал Қытайда бамбук діңін қолданған. Сүйек конькилерді шамамен ХІІІ ғасырда металл табанды ағаш конькилер ауыстырды.