29 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қор жиынтығынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған «Соғыстың қас қағым сәті» атты көркемсурет көрмесінің салтанатты ашылуы болды.
Көрмеге бейнелеу өнерінің танымал шеберлерінің 18 кескіндеме және графика туындылары қойылды: А.И.Плотновтың «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!» туындылары, суретші И.Иванчишиннің «Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің портреті», Б.Л.Тулиннің «Менің балалық шағымдағы Киев» жұмыстары сериясынан «Жеңіс» графикалық беттері, В.И. Антощенконың туындылар және т.б. А.И. Сиденконың «Күт мені» графикалық диптихы, Ф.М. Клименконың «"Ащы естелік" атты туындылары рухтылықты, ойдың толықтығын көрсетеді.
Көрменің ашылуына қатысқан мектеп және колледж оқушылары, қостанайлықтар мен қала қонақтары облыс тарихы туралы, Отанымызды қорғаған батырлардың тағдырлары туралы мол мағлұмат алды.
Көрменің ашылуына қатысушыларды қостанайлық белгілі суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Николай Васильевич Торшин, Қостанай облысының әншісі Гүлшат Салықова, танымал қостанайлық бард Владимир Пыжевский құттықтады.
«Соғыстың қас қағым сәті» атты көркемсурет көрмесі - майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, жарқын бейбітшіліктің болашағын сақтаған барлық адамдардың ерлігі мен табандылығына көрсетілген құрмет.