2016 жылдың 28 сәуір күні Табиғат секторының қызметкерлері ерте гүлдейтін өсімдіктерді бақылау үшін «Каменное озеро» табиғи ескерткіші маңында көшпелі экскурсия – практикум өткізді. Экскурсияға А.Байтурсынов атындағы ҚМУ-нің биология факультетінің 1-ші курс студенттері қатысты. Бәйшешек өсетін жерлері және түрлер құрамы тексерілді, өсімдіктер және кейінгі кептіру мақсатымен олардың кейбір түрлерін жинау әдістері зерттелді. Практикумға қоса антропогендік қысым жағдайында кәдімгі өсімдік және Қызыл кітапқа енген түрлерінің биологиясы туралы айтылды.