7 мамыр күні Қазақстанда тамаша мереке - Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Көктемнің дәл осы күнінде, 1992 жылы 7 мамырда біздің бас қолбасшымыз, Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл күн қазақстандықтардың батырлық ерліктері жылнамасы мен Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын білдіреді.
2016 жылы 5 мамырда мұражай қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Яковлевич Шаровты, Ауғанстандағы жауынгерлік іс ардагері, подполковник Анатолий Николаевич Харченконы, 6697 ә/б рота командирінің тәрбие ісі жөніндегі аға лейтенанты Садваков Руфатты мерекемен құттықтады. «Flash-star» вокалдық тобы музыкалық нөмірлермен мерекенің сәнін келтірді.
Мереке барысында Қостанай қаласының № 115 ОМ оқушылары Отан қорғаушылармен әңгімелесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алды.