2022 жылдың 24 маусымында Балалар жылы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде №27 орта мектептің оқушыларына акварель бойынша «Жазғы пейзаж» атты шеберлік сабағы өткізілді.
Шеберлік сабағына қатысушылар Қазақстанның Ә.Қастеев, А.Исмайылов сынды белгілі қылқалам шеберлерінің музейдің қор жиынтығындағы туындыларын тамашалап, бояу, қағаз, қылқалам және басқа да материалдардың атауларымен танысты. Музей қызметкері акварель бояулармен жазғы пейзаждың суретін салуды кезең-кезеңмен көрсетті. Балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп, сурет салудың әртүрлі ерекшеліктерімен танысты, сонымен қатар достық, шығармашылық жағдайда уақыт өткізді және әдемі пейзаждар жасаудан жағымды көңіл-күйге бөленді.
Акварель әдемі техника ғана емес, сонымен бірге тыныштандырады және ширығуды жеңілдетеді. Шығармашылық әрқашан біріктіреді. Акварель бояуы - бұл балаларды ғана емес ересектерді де қуанта алатын ерекше процесс!