23 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Иван Фомич Павловтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жер мен көктегі ғұмыр» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара тікелей және қашықтық форматта өтті. Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жүсіпов Руслан Батырханұлы,И.Ф. Павлов атындағы №8 кәсіптік колледждің (Мәскеу қ.) музей кешенінің жетекшісі Выгодин Дмитрий Александрович, өлкетанушы Здоровец Наталья Ивановна, Павлов атындағы ауылдың кітапханашысы Михалева Валентина Ивановна, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкері Ахметова Әлия Ғазизқызы, «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің жоғары санатты архивисі Карпухина Анна Александровна, облыстық музей қызметкері Котова Эльвира Маратовна баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында ержүрек ұшқыштың өмірі мен ерліктерін мәңгі есте сақтау үшін мәдениет және білім беру мекемелерінің өткізген іс-шаралары туралы баяндалды, сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғысты зерттеудегі кейбір тарихнамалық мәселелер қарастырылып, Қостанай облысының соғыс жылдарындағы кезеңі талқыланды.