2017 жылы 14 желтоқсанда қостанайлық суретшілердің «Жан мен шығармашылық тұтастығы» атты қорытынды көрмесінің ашылуы болды. Көрме экспозициясы туындылардың жоғары көркемдік деңгейімен ғана емес, сан алуандығымен де тартымды. Көрмеде қостанайлық авторлардың 100-ге тарта кескіндеме, графика, мүсін өнер туындылары ұсынылған. Олардың ішінде Н. Торшин, Г. Соков, Н. Халифаева өз істерінің шеберлері және бейнелеу өнерінде өз іздерін қалдырған. Шеберлермен қатар, М.Ордашева, Д.Зарицкая, Н.Олексюк және басқа да дарынды жас суретшілер өз туындыларын ұсынды.
Өтіп бара жатқан 2017 жыл ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі бейнелеу өнері бөлімі үшін шығармашылық серіктестікке толы жыл болды. Бірнеше тақырыптық және мерейтойлық дербес көрмелер ұйымдастырылып, бейнелеу өнерін бағалаушылар үшін қостанайлық суретшілермен шығармашылық кездесулер және шеберлік сабақтары өткізілді.
«Жан мен шығармашылық тұтастығы» атты қорытынды көрме Қостанай суретшілерінің 2017 жылғы шығармашылық ізденістері мен табыстарын жинақтап көрсетті. Жан мен шығармашылық тұтастығында жаңа туынды, жаңа сюжет, жаңа көзқарас, жаңа бояулар дүниеге келеді. Туындыларда суретшілердің сезімдері мен армандары, қиялдары, шынайы өмір мен қоршаған ортаға деген қызығушылықтары бейнеленген.
«Жан мен шығармашылық тұтастығы» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.