Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты зияткерлік байқауы

13.12.2017
ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты зияткерлік байқауы

Қазақстан - бүкіл әлем қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекет. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.

2017 жылдың 13 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тәуелсіздік шежіресі» атты зияткерлік байқауын өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар 6 кезеңнен тұратын: «Командалардың амандасуы», «Білгірлер жарысы», «Даналық пен шешендік», «Тарихи тұлғаны танып біл», «Капитандар жарысы», «Сен - маған, мен - саған» музейлік зияткерлік байқауын қатысып, Қазақстан тарихы жайында, ұлы тарихи тұлғалар өміріне қатысты және халық мақалдары туралы сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түсті.