2017 жылдың 8 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алаш ұлттық демократиялық қозғалысы және мемлекеттігінің 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы: өткеннен келешекке» атты музей іс-шарасы өтті.
Іс-шараға тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ доценті Ө.И. Исенов және ҚМПИ студенттері шақырылды. Шара барысында музей қорындағы Алаштың көрнекті қайраткерлері туралы деректермен таныстырып, «Алаш туы астында» атты көрме ұсынылды. «Алаш мұрасы: өткеннен келешекке» атты музей шарасы жыл басынан бері ай сайын өткізіліп келеді.