Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұлт көшбасшысы - тәуелсіз мемлекет негізін қалаушы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған портрет-кеш

29.11.2017
«Ұлт көшбасшысы - тәуелсіз мемлекет негізін қалаушы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған портрет-кеш

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемендіктің негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын сеніп тапсырған қазақстандықтардың жауапты таңдауы еді.

2017 жылдың 29 қарашасында ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлт көшбасшысы - тәуелсіз мемлекет негізін қалаушы» атты портрет-кеш өтті. Іс-шарада жастарға Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан кемеңген саясаткер кезеңіне дейінгі өмір жолынан деректер берілді. Іс-шараға шақырылған қонақ - Қостанай қаласының және Қостанай облысының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет ардагері Семенова Вера Григорьевна Елбасымен кездескен сәттері туралы, оның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы саясаты мен айрықша атқарған істері туралы әңгімеледі.

Іс-шара барасында «Мемлекет басшысы» атты құжатты фильмнен үзінді көрсетілді.