Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретшілердің «Пленэр-2017» көрмесінің ашылуы.

15.12.2017
Қостанайлық суретшілердің «Пленэр-2017» көрмесінің ашылуы.

2017 жылы 14 желтоқсанда қостанайлық суретшілердің «Пленэр-2017» көрмесінің ашылуы болды. Пленэрлік кескіндеме (пленэр француз сөзінен аударғанда «ашық аспан астында») суретшілердің кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады. Пленэрдегі жұмыстың ерекшелігі, ең бастысы, күннің жарығын және әуе кеңістігінің әртүрлілігін жеткізу. Бұл суретті тез салу, бояу ойнақылығын және селдір көлеңкені жеткізу сияқты ерекше техниканы талап етеді.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Рухани жаңғыру» аясындағы «Туған өлке мәдениеті» базалық бағыты шеңберінде «Қостанайлық суретшілердің облыс аудандарының көрікті жерлеріндегі пленэрі» жобасын ұйымдастырды. 2017 жылдың есте қаларлық оқиғаларының бірі қостанайлық суретшілер мен Астана қаласы суретшілерінің Қарабалық ауданында өткізілген аймақаралық пленэрі.

Бейнелеу өнерінің шеберлері көзтартарлық жерлер «Жыланды иірім», «Үш бұлақ», «Веренский қарағай орманы», Приреченка және Надеждинка ауылдарының маңайында, сондай-ақ бірінші қазақ журналисі Мұхамеджан Сералиннің отаны Өрнек ауылында болды. Жоба қатысушыларының бірі, белгілі қазақстандық өнертанушы Мария Жұмағұлова өз мақаласында «Суретшілер өз уақыттарын табиғатта өткізді, күннің керемет батуы мен шығуы кезіндегі өзгеруін және ұстатпайтын сәттерді салуға, орманның жұмбақ тыныштығын, шуақ күндерін және дала желінің күшті екпінін бейнелеуге тырысты» деп жазды.

Аймақаралық пленэр – 2017 жұмысына ҚР Суретшілер одағының мүшелері, қостанайлық белгілі суретшілер Николай Торшин, Светлана Шалунова, Александр Захарченков, Татьяна Изюмова, Юрий Новоселов және Астана қаласының суретшілері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарабалық ауылының құрметті азаматы Марат Тоқсайытов, суретші-кескіндемеші Асылмардан Қадырбаев қатысты.

Көптеген қостанайлық суретшілер жыл бойы тек біздің облыста ғана емес, одан тысқары жерлерде де пленэрде жұмыс жасады. Мысалға, қостанайлық көрермен көрмеден Алматы облысының Шымбұлақ табиғатын және Қазақстанның «інжуі» - Бурабай шипажайын, Қырым жағалауының тұманды таңын және тағы да басқа жерлерді, яғни суретшілер болған жерлерді көре алды.

«Пленэр-2017» көрмесі бір ай бойы жұмыс жасайды.