Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті брендтерін жасаудағы халық қолөнерінің дәстүрлері» атты қолөнершілер семинары

05.01.2018
«Жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті брендтерін жасаудағы халық қолөнерінің дәстүрлері» атты қолөнершілер семинары

01

29 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті брендтерін жасаудағы халық қолөнерінің дәстүрлері» тақырыбында семинар өтті. «Kazbrands» ҚҚ-ның президенті Ж.К. Қайкенова семинарға қатысушы – танымал қостанайлық суретші-қолөнершілерге қазақстандық сәндік-қолданбалы өнерді бренділеу бағдарламасы туралы айтып берді.

Қолөнерші суретшілер және халық шеберлері: А.Аңқауов, М.Төлемісова, С.Шалунова, Р.Рахалиева, А.Диханбаев, С.Ищанов, М.Рахалиев, Ж.Омарбекова, Т.Божақов, Т.Тумакова, Ү.Бығысбаева, сондай-ақ «KBK Group» ЖШС-нің жетекшісі А.Бейсенбаев ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дамыту бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстармен алмасты.