Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА-ның корреспондент мүшесі Жангелді Отарбайұлы Отарбаевтың 70 жасқа толуына орай «Ғылымның биік шыңында» атты көрменің ашылуы

12.01.2018
Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА-ның корреспондент мүшесі Жангелді Отарбайұлы Отарбаевтың 70 жасқа толуына орай «Ғылымның биік шыңында» атты көрменің ашылуы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және ҚР Жоғары мектеп ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Жанкелді Отарбайұлы Отарбаевтың 70 жасқа толуына орай «Ғылымның биік шыңында» атты көрме ашылды.

Жанкелді Отарбаев 1948 жылы 5 қаңтарда Аманкелді ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатты күміс медальмен бітірген. Еңбек жолын Қостанайда машина жөндеу зауытында металл жонушы болып бастап, Шеминов 8 жылдық мектебінде физика, математика пәндерінен сабақ береді. Кейіннен Сейсмология институтында, Қазақстан ҒА-ның математика және механика институтында, Алматы сәулет-құрылыс институтында, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде еңбек етті.

150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ж.О. Отарбаев математикалық серпімділік теориясы және математикалық модельдеу мәселелерін зерттеумен танымал, жер асты құрылыстарының сейсмикаға төзімділігін есептеуге едәуір үлес қосты.

«Ғылымның биік шыңында» атты музей көрмесінің экспозициясына Ж.Отарбаевтың кітаптары, фотосуреттер, құжаттар, жеке заттары және кәдесыйлар ұсынылған.