Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық өлкетанушылар және мәдениет қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жобасының ІІ Республикалық форумында

18.01.2018
Қостанайлық өлкетанушылар және мәдениет қызметкерлері  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы»  жобасының ІІ Республикалық форумында

2018 жылдың 15 қаңтарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жөніндегі жұмыс тобының ІІ Республикалық форумы өтті. Қостанай облысынан тарихшылар, өлкетанушылар, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілдері қатысты. Форумда «Қазақстанның қасиетті жерлері географиясы» жобасы бойынша 2017 жылдағы жұмыстардың қорытындысы туралы айтылды, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты кітаптардың тұсаукесері болды. Қазақстанның үздік өлкетанушылары, соның ішінде қостанайлық өлкетанушылар Қуаныш Орманов, Шөптібай Байділдин, Қалқаман Жақып, Ибраһим Ағытаев «Үздік өлкетанушы» төс белгісі, сонымен қатар құрмет грамоталарымен марапатталды. Форум шеңберінде Ұлттық музейдің «Рухани жаңғыру» көрме залының және «Сақтар қазынасы» ерекше қоймасының ашылуы өтті. Форумға арналған көрмеге Қостанай облысы мемлекеттік музейлерінің 13 жәдігерлері қойылды.