2018 жылы 18 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай қаласының №18 орта мектеп оқушылары үшін «Ақмола-Целиноград-Астана» атты Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдығына арналған музей сабағы өтті.
Музей қызметкерлері шараға қатысушыларға Ақмоланың негізі - орта ғасырдағы Бозоқ қалашығы, қаланың революцияға дейінгі және кеңес кезіндегі даму тарихы, елорданы ауыстыру себебі туралы және қазіргі Астана қаласы туралы қызықты мәліметтер берді. Іс-шара барысында оқушылар Астана қаласы туралы «Астана – бейбітшілік пен келісім ордасы» атты құжатты фильмді тамашалады.
Астана мерейтойына арналған музей сабақтары ай сайын өтеді.