Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 27 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарына «Жаңа тарих-жарқын тұлға» атты дәріс оқылды. Дәріс барысында Ұлт Көшбасшысының заманауи және қарқынды дамудағы мемлекетті құруға бағытталған қызметі туралы мәліметтер берілді және «Мемлекет басшысы» атты құжатты фильмнен үзінді көрсетілді.