Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Адам саудасына қарсымыз!» ақпаратты-насихатты акциясына ҚИнЭУ студенттері қатысты. Акция барысында музей қызметкерлері адам бостандығы өркениетті заман қоғамының ең басты құндылықтарының бірі және адам баласын ол құқығынан айыруға ешкімнің де хақысы жоқ екендігін түсіндіріп, жастарға ақпаратты бүктемдер таратып, оларды осы қылмысты іс-әрекетпен қарсы күреске шақырды.